С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

2-3 сынып оқушыларының қатысуымен «Балалар кітапханасы» жобасы

2-3 сынып оқушыларының қатысуымен «Балалар кітапханасы» жобасы

Түркістан облысы Отырар ауданы С.Ерубаев атындағы шағын жинақты білім беретін мектеп 2-3 сынып оқушыларының қатысуымен «Балалар кітапханасы» жобасы аясында кітап оқу сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар өздерінің сүйікті кітаптарын таныстырып, ертегілер мен қызықты шығармаларды оқыды.

Мақсаты — оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын дамыту және рухани құндылықтарды насихаттау. Оқушылар оқыған кітаптары бойынша ой бөлісіп, кейіпкерлер туралы пікірлерін айтты. Іс-шара қызықты әрі әсерлі өтті.

#БалаларКітапханасы #Кітап #КітапОқу #БалаларӘдебиеті #Ертегілер #СүйіктіКітап #КітапӘлемі #ОқуғаҚұштар #БілімБұлағы