2-сынып оқушыларымен табиғат аясында ертегі оқу сабағы өткізілді. Сабақ барысында оқушылар таза ауада ертегі оқып, табиғаттың әсемдігін сезінді.
Бұл іс-шара балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттырып, табиғатты сүюге тәрбиелейді.
2-сынып оқушыларымен табиғат аясында ертегі оқу сабағы өткізілді. Сабақ барысында оқушылар таза ауада ертегі оқып, табиғаттың әсемдігін сезінді.
Бұл іс-шара балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттырып, табиғатты сүюге тәрбиелейді.
С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде ыстық тамақ қыркүйек айынан бастап бір ауысым бойынша ұйымдастырылып, жұмыс жүйелі түрде жүргізілуде. Асхана қызметкерлерінің жұмысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бракераждық комиссия айына бір рет тексеріп отырады.
2026 жылдың 27 сәуір күні кезекті бракераждық тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша мектеп асханасының санитарлық жағдайы талапқа сай екені анықталды.
Тамақ сапасы жақсы, тағамдар күнделікті мәзірге сай дайындалады.
«Бейбітшілік – жүректер үндестігі» ![]()
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мектебімізде «Бейбітшілік – жүректер үндестігі» атты салтанатты мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шара үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жүргізіліп, ел бірлігі мен татулығын дәріптеуге, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрін таныстыруға, өзара сыйластық пен достықты нығайтуға бағытталды.
Кеш барысында әртүрлі ұлттардың билері ұсынылып, көрермендерге көпұлтты мәдениеттің әсем көрінісі паш етілді. Сонымен қатар, мерекеге орай түрлі ұлттардың ұлттық тағамдары дайындалып, дастарханға қойылып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Үш тілде жүргізілген мазмұнды бағдарлама бірлік пен татулықтың маңызын айқындай түсті.
Аталған іс-шараны мектебіміздің аға тәлімгері Нарбаева Ақерке ұйымдастырды.
Бірлігіміз бекем, татулығымыз мәңгі болсын!
#1мамыр #БірлікКүні #ҚазақстанХалқыныңБірлігі #Бейбітшілік #Татулық #Достық #Бірлік #МектепӨмірі #ҮшТіл #КөпұлттыҚазақстан
29.04.2026 күні мектепте WEGLOBAL.AI платформасының мүмкіндіктері , оның мамандар жұмысын оңтайландыру, деректерді автоматты түрде өңдеу және оқушылардың психологиялық жағдайын тиімді талдауға мүмкіндік беретіні түсіндірілді. Психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарының өзара әрекеттесу үдерісін жетілдіру бағытында танысу, түсіндіру және тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді.
Жұмыс барысында мектеп психологы, әлеуметтік педагог және басқа да мамандардың бірлескен қызметіндегі негізгі мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда, деректерді қолмен жинау, жүйелі аналитиканың болмауы, оқушы жағдайын жедел анықтау құралдарының жеткіліксіздігі сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Іс-шара барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісіп, цифрлық шешімдерді білім беру үдерісіне енгізудің маңыздылығын атап өтті.
28.04.2026 ж, кұні мектеп логопеді Садуахасова Айнұр 1-сынып оқушыларымен зейінді тұрақтандыру, сөздік қорын молайту мақсатында ашық логопедиялық түзету-дамыту сабағы өткізілді. Сабақ барысында «Кім жылдам?», «Сөзден сөйлем құра», «Жұмыртқаны жина» сияқты әдіс-тәсілдер мен ойындар тиімді қолданылды.
Оқушылар белсенділік танытып, қызығушылықпен қатысып, тапсырмаларды ынтамен орындады. Сабақ өз мақсатына толық жетіп, балалардың зейіні мен тілдік дағдыларын дамытуға оң ықпал етті.
Отырар ауданы С. Ерубаев атындағы шағын жинақты білім беретін мектептің 2–3 сынып оқушылары арасында «Мен таңдаған кітап» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға баулу және рухани дүниесін дамыту.
Шара барысында оқушылар өздері таңдаған сүйікті кітаптары туралы айтып, мазмұнымен таныстырды. Әр оқушы кітаптың тәрбиелік мәнін түсіндіріп, кейіпкерлері туралы өз ойларын жеткізді. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, білім мен тәрбие берудегі орны ерекше екені айтылды.
Оқушылар белсенді қатысып, кітап оқудың пайдасы туралы пікір алмасты. Іс-шара өте қызықты әрі әсерлі өтті.
ҰСТАЗ ЕСІМІ – МӘҢГІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚ
Бүгін 24.04.2026 күні С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектепте «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік!» тақырыбында тағылымы мол салтанатты мәдени іс-шара өтті.
Тағылымды кеш ардагер ұстаз, ұлағатты педагог Бимурзаев Жұматай Ахметұлының құрметіне арналды. Іс-шараның басты мақсаты – саналы ғұмырын білім мен тәрбие саласына арнаған ұстаздың өнегелі өмір жолын дәріптеу, оны жас ұрпаққа үлгі ету.
Алдымен қонақтар мектеп мұражайымен танысып, білім ордасының тарихы мен жетістіктеріне қанықты. Экскурсия барысында мектептің қалыптасу кезеңдері мен жеткен табыстары кеңінен таныстырылды.
Іс-шара аясында Ж.Бимырзаев атындағы физика кабинеті салтанатты түрде ашылды. Бұл – ұстаз еңбегіне көрсетілген құрметтің айқын белгісі.
Салтанатты жиын барысында ардагер ұстаздың өмірі мен еңбек жолына арналған бейнеролик ұсынылып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов құттықтау сөз сөйлеп, ұлағатты ұстаздың есімін ұлықтауға арналған бұл игі шараның маңыздылығына ерекше тоқталды. Ол өз сөзінде ұстаз еңбегінің қашанда құрметке лайық екенін атап өтіп, жас ұрпақты тәрбиелеудегі осындай тағылымды кездесулердің мәні зор екенін жеткізді.
Кеш барысында әріптестері мен шәкірттері, қадірлі қонақтар ұстаз туралы естеліктерімен бөлісіп, жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Мәдени кештің көркін концерттік бағдарлама айшықтап, ұстаздарға арналған әндер шырқалып, арнаулар оқылды.
Іс шарада аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов пен аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Шербаев аудандық физика пәні олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттап, дарынды оқушылардың келешекте бұдан да үлкен жетістікке жететініне сенім білдірді.
Айта кету керек, Бимурзаев Жұматай Ахметович – саналы ғұмырында бірнеше білім беру ұйымдарын басқарған, шәкірт тәрбиелеуде өлшеусіз үлес қосқан тәжірибелі ұстаз. Ол «ҚазССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы медалімен марапатталған, сондай-ақ Отырар ауданының құрметті азаматы.
Тағылымды шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға алғыс білдіріп, ұстаз мәртебесінің әрдайым биік болуына тілектестік білдірді.
"23 сәуір – Ұлттық кітап күні"
Түркістан облысы, Отырар ауданы, С. Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде «Артық білім – кітапта» тақырыбындағы апталықтың жабылу салтанаты өтті.
Апталықтың жабылуын мектеп кітапханашысы ұйымдастырып, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған мазмұнды іс-шаралар қорытындыланды.
Апталық барысында белсенділік танытқан 2-6- 7 -9-сынып оқушылары марапатталып, олардың білімге деген құштарлығы ерекше атап өтілді.
Кітап – сарқылмас қазына, рухани байлықтың бастауы!
Бүгін С.Ерубаев атындағы шжжббм психологиялық қолдау орталығының кезекті отырысында психологиялық ерекше назарды қажет ететін оқушыларды анықтау және олармен түзету жұмыстарын жүргізу тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді . Жиында мектеп психологы Д. Мырзахметова ерекше назардағы оқушыларға толтырылатын бақылау парағын түсіндірді , сынып жетекшілерге бірлескен жоспарлар құру , жоспармен жұмыс жүргізу процесін анықтап алуды ұсынды. Әлеуметтік педагог П.Пасетов өз сөзінде әр сынып бойынша осал топ оқушыларының бақылау парағын толтыру , үй аралау актісін жылына 2 рет жасау туралы айтты , сынып жетекшілер өз сыныптары бойынша диагностика нәтижесінде анықталған жасыл, сары, қызыл деңгейге бөлу критериларымен танысып , арықарай жұмыс бағыттарын анықтап алды . Мектеп директоры Ж.Оспанов өз сөзінде мектептегі әрбір оқушы жеке тұлға , оны ары қарай қолдап , түзетіп отыру осы ұжымның ортақ міндеті екенін айтты, жиын барысында айтылған жоспарларды тиісті тұлғалардан жыл соңында сұралатынын ескертті . Мектепте өткізілетін әр бір іс шараға ата аналарды көптеп қатыстырып , оқушылардың отбасымен де қарым қатынасын дамытуға атсалысуға шақырды
23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай
Түркістан облысы, Отырар ауданы, С. Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп КММ-де 7-сынып оқушыларының қатысуымен «Кітап – достық амбасадоры», «Әлем әдебиетіне саяхат» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар әр елдің әдебиетімен танысып, таңдаған шығармалары бойынша өз ойларын ортаға салып, мазмұнын қорғады. Әдеби кейіпкерлер әлеміне саяхат жасап, кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы пікір алмасты.
Шараның мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, дүниетанымын кеңейту және әлем әдебиетіне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Кітап – білімнің кілті, рухани байлықтың бастауы!
Коучинг сабағы жоғары деңгейде өткізілді
21 сәуір 2026 жылы білім беру үдерісіндегі заманауи тәсілдерді талқылауға арналған мәдениет пәндер бірлестігінің мүшелері Ж.Оразов және М.Мүсілім коучинг сабақ ұйымдастырылып, сәтті өтті. Аталған шара «Дәстүрлі оқытуда нені қалдырамыз, ЖИ-ден нені аламыз?» тақырыбы аясында өткізілді.
Коучингтің негізгі мақсаты – дәстүрлі оқытудың тиімді тұстарын саралай отырып, жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісіне енгізу жолдарын қарастыру болды. Қатысушылар сабақ барысында өзара тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен бөлісті.
Іс-шара барысында:
Коучинг сабағы барлық қатысушылар үшін пайдалы әрі мазмұнды өтті. Мұғалімдер жаңа технологияларды қолдану арқылы оқыту сапасын арттырудың жолдарын меңгеріп, кәсіби дамуына серпін алды.
Бірге үйренейік, бірге дамыйық!
"Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы" атты онкүндік іс-шара аясында С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор шара өтті.
7-сынып оқушылары "Отбасымен кітап оқу – игі дәстүр" тақырыбында ата-аналарымен бірге кітап оқып, рухани құндылықтарды дәріптеді. Бұл бастама оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті.
Іс-шара барысында оқушылар өздері оқыған шығармаларымен бөлісіп, кейіпкерлерге талдау жасап, кітап оқудың пайдасы туралы ой-пікірлерін ортаға салды. Отбасымен бірге өткізілген бұл уақыт балалардың ой-өрісін кеңейтіп, ұлттық және адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіруге мүмкіндік берді.
Кітап оқу – ұрпақ тәрбиесінің маңызды құралы. Осындай игі дәстүр жалғасын тауып, оқушылардың рухани дамуына жол аша береді деп сенеміз.
![]()
#БалаларӘдебиеті #ОтбасыменКітапОқу #РуханиТәрбие #МектепӨмірі