С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Дәстүрлі оқытуда нені қалдырамыз, ЖИ-ден нені аламыз?»

📢 Коучинг сабағы жоғары деңгейде өткізілді

21 сәуір 2026 жылы білім беру үдерісіндегі заманауи тәсілдерді талқылауға арналған мәдениет пәндер бірлестігінің мүшелері Ж.Оразов және М.Мүсілім коучинг сабақ ұйымдастырылып, сәтті өтті. Аталған шара «Дәстүрлі оқытуда нені қалдырамыз, ЖИ-ден нені аламыз?» тақырыбы аясында өткізілді.

Коучингтің негізгі мақсаты – дәстүрлі оқытудың тиімді тұстарын саралай отырып, жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісіне енгізу жолдарын қарастыру болды. Қатысушылар сабақ барысында өзара тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен бөлісті.

Іс-шара барысында:

  • дәстүрлі оқыту әдістерінің артықшылықтары анықталды;
  • жасанды интеллекттің білім берудегі мүмкіндіктері талқыланды;
  • тәжірибелік тапсырмалар орындалды;
  • қатысушылар арасында белсенді пікір алмасу жүзеге асты.

Коучинг сабағы барлық қатысушылар үшін пайдалы әрі мазмұнды өтті. Мұғалімдер жаңа технологияларды қолдану арқылы оқыту сапасын арттырудың жолдарын меңгеріп, кәсіби дамуына серпін алды.

📚 Бірге үйренейік, бірге дамыйық!