Выберите язык

С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Бала тәрбиесі – ортақ міндет: мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы»

«Бала тәрбиесі – ортақ міндет: мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы»
С. Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектепте жаңа оқу жылының басталуына орай ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың негізгі мақсаты – мектеп пен ата-ана арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтып, бала тәрбиесінде бірлескен жауапкершілікті арттыру.
Жиын барысында:
🔹 жаңа оқу жылындағы мектептің тәрбие жұмыстары мен маңызды мәселелер талқыланды;
🔹 ата-аналар комитетінің құрамы сайланды;
🔹 мектеп формасына қойылатын талаптар түсіндірілді;
🔹 мектеп психологы тарапынан ата-аналарға бала психологиясы, балаға қолдау көрсету және отбасындағы қарым-қатынас туралы пайдалы кеңестер берілді;
🔹 оқушылардың қауіпсіздігі, тәртібі, сабаққа қатысуы және ата-ана мен мектеп арасындағы байланыс мәселелері қаралды;
🔹 ата-аналардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, түрлі мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиналыс барысында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мектеп әкімшілігімен пікір алмасты.
Бала тәрбиесі – тек мектептің немесе ата-ананың ғана емес, баршамызға ортақ жауапкершілік. Балаға дұрыс бағыт беріп, қолдау көрсету арқылы ғана саналы, тәрбиелі, жауапты тұлға қалыптастыра аламыз.
🤝 Мектеп пен ата-ана бірлесе әрекет етсе – бала болашағы жарқын!