С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушыларымен «Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жаз — балалар үшін ең көңілді әрі қызықты мезгіл. Демалыс уақытында түрлі ойындар ойнап, табиғат аясында серуендейміз. Алайда әрбір оқушы өзінің қауіпсіздігін ұмытпауы керек.
Оқушыларға:
Күннің ыстық уақытында бас киім кию;
Су жағасында үлкендердің қарауынсыз жүрмеу;
Жолда жүру ережелерін сақтау;
Бейтаныс адамдармен сөйлеспеу;
Өрт қауіпсіздігі ережелерін орындау;
Табиғатта тазалық сақтау туралы маңызды мәліметтер түсіндірілді.
Сонымен қатар балаларға қауіпсіз демалыстың маңызы айтылып, жазғы демалысты пайдалы әрі көңілді өткізуге кеңестер берілді.
«Қауіпсіздік — әр адамның басты міндеті!»
Барша оқушыларға қауіпсіз, қызықты әрі жарқын жазғы демалыс тілейміз! ![]()
Сынып жетекшісі: Орынбасар Арайлым





