«Қамқор» жобасы аясында ұжымдастар арасында «Жақсылық жасап жарысайық» акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты – әріптестер арасында мейірімділік пен жанашырлықты насихаттау, бір-біріне қолдау көрсету және игі істер жасауға үндесу. Акция барысында ұжым мүшелері айналасына жақсылық жасап, қамқорлық пен ізгілік үлгісін көрсетті.
Жақсылық жасау – адамды жақындастырып, ұжым бірлігін нығайтатын игі іс. Осындай шаралар ұжым арасындағы сыйластық пен ынтымақтастықты арттыруға өз үлесін қосады. ![]()





