С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

“Жаңару күні-Цифрлық даму”

2026 жылдың 19 наурыз күні С. Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде мектеп директорының ақпараттық істер жөніндегі орынбасары М.Оразалиеваның ұйымдастыруымен “Жаңару күні-Цифрлық даму” тақырыбында мұғалімдер арасында көрме ұйымдастырылды.Көрменің басты мақсаты – білім беру саласындағы заманауи цифрлық технологияларды тиімді қолдану тәжірибесімен алмасу, педагогтардың шығармашылық ізденісін арттыру және цифрлық сауаттылықты дамыту болды.

Іс-шара барысында мұғалімдер өздерінің цифрлық құралдарды пайдалану арқылы әзірлеген сабақ үлгілерін, интерактивті тапсырмаларын, авторлық платформаларын және білім беру процесінде қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдерін ұсынды. Сонымен қатар, қатысушылар цифрлық білім беру ресурстарының тиімділігі мен артықшылықтары жөнінде пікір алмасты.