Выберите язык

С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Заң мен тәртіп – Конституция құндылықтарының негізі»

«Заң мен тәртіп – Конституция құндылықтарының негізі»

2026 жылғы 25 мамыр күні «С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебі КММ-де 1–11 сынып оқушыларымен «Заң мен тәртіп – Конституция құндылықтарының негізі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін нығайту және «Адал азамат» құндылықтарын дәріптеу.

Сынып сағаттары барысында оқушыларға Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы, заң мен тәртіп қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Оқушылар пікірталас, жағдаяттық тапсырмалар, викториналар, дебаттар мен топтық жұмыстарға белсенді қатысып, өз ойларын еркін білдіріп, құқықтық білімдерін толықтыра түсті.

Заңға құрмет – саналы ұрпақтың белгісі, ал тәртіп – тұрақты қоғамның берік негізі. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, ел болашағына деген жауапкершілік сезімін арттыруға ықпал етеді.

🇰🇿 Заңды құрметтеу – тәртіпті қоғамның негізі!

#Заңжәнетәртіп

#Біртұтастәрбие

Отырар Ауданының Білім