С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Тазалық – денсаулық кепілі»

Мектебімізде «Тазалық – денсаулық кепілі» тақырыбында мектеп мейірбикесінің қатысуымен түсіндірме жұмысы жүргізілді. Іс-шара барысында оқушыларға жеке бас гигиенасын сақтау, қолды дұрыс жуу, дұрыс тамақтану және аурудың алдын алу жолдары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар тазалықтың адам денсаулығына тигізетін пайдасы айтылып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызына ерекше тоқталды. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қажетті ақпараттар алды.

#салауат