Коучинг-сессия өтті
С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде 08.04.2026 күні үйірме жетекшісі Ж.Жусупкулова ұйымдастыруымен «Табысты мектеп – табысты оқушы» тақырыбында коучинг-сессия өткізілді.
Коучинг барысында мұғалімдер табысты мұғалім мен оқушының негізгі қасиеттерін талқылап, өзара тәжірибе алмасты. Сонымен қатар білім беру үдерісін жетілдіруге бағытталған жаңа идеялар ұсынылып, тиімді әдіс-тәсілдер қарастырылды.
Іс-шара педагогтердің кәсіби дамуына, шығармашылық ізденісіне және тәжірибе алмасуына үлкен септігін тигізді.
Қатысқан әріптестерге белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!





