«ТҮНГІ КІТАПХАНА» – рухани кеш
Мектебімізде аға тәлімгер мен кітапханашысының ұйымдастыруымен мұғалімдерге арналған ерекше форматтағы «Түнгі кітапхана» тақырыбында әдеби-танымдық кеш өтті.
Кештің басты мақсаты – ұстаздардың рухани демалысын ұйымдастыру, кітап оқуға қызығушылықты арттыру және әдеби орта қалыптастыру.
Іс-шара барысында:
– Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарымен еркін форматта сұхбат ұйымдастырылды;
– Мұғалімдер жүрек түкпірінен шыққан өлеңдерін оқып, поэзия кешіне ерекше әсер сыйлады;
– Қатысушылар «Жасырын кітап» квест ойыны арқылы білімдерін сынап, белсенділік танытты;
– Музыкалық үзіліс кештің сәнін келтірді.
Кештің ерекшелігі – кітап арқылы жан дүниемен сырласу, рухани тынығу, өз-өзіңмен үнсіз сұхбат құру болды.
«Кітап сөйлейтін түн» форматында өткен бұл шара ұстаздар үшін ерекше әсерге толы, мағыналы кеш ретінде есте қалды.
#ТүнгіКітапхана #КітапОқу #ҰстаздарКеші #РуханиДаму #МектепӨмірі





