С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Түнгі кітапхана»

«ТҮНГІ КІТАПХАНА» – рухани кеш

Мектебімізде аға тәлімгер мен кітапханашының ұйымдастыруымен мұғалімдерге арналған ерекше форматтағы «Түнгі кітапхана» тақырыбында әдеби-танымдық кеш өтті.

Кештің басты мақсаты – ұстаздардың рухани демалысын ұйымдастыру, кітап оқуға қызығушылықты арттыру және әдеби орта қалыптастыру.

✨ Іс-шара барысында:

– Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарымен еркін форматта сұхбат ұйымдастырылды;

– Мұғалімдер жүрек түкпірінен шыққан өлеңдерін оқып, поэзия кешіне ерекше әсер сыйлады;

– Қатысушылар «Жасырын кітап» квест ойыны арқылы білімдерін сынап, белсенділік танытты;

– Музыкалық үзіліс кештің сәнін келтірді.

📖 Кештің ерекшелігі – кітап арқылы жан дүниемен сырласу, рухани тынығу, өз-өзіңмен үнсіз сұхбат құру болды.

🌙 «Кітап сөйлейтін түн» форматында өткен бұл шара ұстаздар үшін ерекше әсерге толы, мағыналы кеш ретінде есте қалды.

#ТүнгіКітапхана #КітапОқу #ҰстаздарКеші #РуханиДаму #МектепӨмірі