С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

"Спорт пен өнер егіз"

"Спорт пен өнер егіз"

Бүгін мектебімізде "Мәдениет" пәндер бірлестігінің "Спорт пен өнер егіз" тақырыбында айлық іс-шара жұмыс жоспарына сәйкес, 08.04.2026ж күні 8 сыныпқа дене шынықтыру пәні мұғалімі Оразов Жанәділдің "Доппен алдап өту әдіс тәсілдері" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға доппен алдап өту әдістерін үйрету, жылдамдық, ептілік, және үйлесілімдікті дамыту. Ойын барысында дұрыс шешім қабылдауға дағдыландыру. Оқушылардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету, олардың дене дайындығын, шығармашылық қабілеттерін және патриоттық тәрбиесін қалыптастыру арқылы салауатты өмір салтын ұстанатын, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін тұлға тәрбиелеу.