С. Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектепте
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында оқушылар арасында
«Мектеп формасын сақтамаған оқушыларға шара қолдану дұрыс па?» тақырыбында қызу пікірталас өтті.
Дебат барысында қатысушылар өз көзқарастарын еркін білдіріп, дәлелді ой айтып, қарсы тараптың пікірін тыңдай отырып, сыни ойлау қабілеттерін көрсетті. Іс-шара оқушылардың жауапкершілігін арттырып, мектеп мәдениеті мен тәртіп мәселесіне саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етті.
#ҰшқырОйАлаңы #ОқушыларДебаты #СыниОйлау #МектепФормасы #Пікірталас





