«С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылдың 20 қаңтар күні мектеп аға тәлімгері А.Нарбаеваның ұйымдастыруымен оқушылардың білім деңгейін арттыру, логикалық ойлау қабілеті мен тапқырлығын дамыту, тарихи сананы қалыптастыру, топпен жұмыс жасауға үйрету мақсатында 9–10 сынып оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» атты зияткерлік ойын өткізді.
Зияткерлік сайысқа 3 топ қатысып, ойын 5 кезең бойынша өтті:
1. «Бәйге»
2.«1 минут – 1 шешім»
3.«Сөз шебері»
4. «Тарих толқынында»
5. «Жорға»
Оқушылар әр кезеңде өздерінің білімін, жылдамдығын, ой ұшқырлығын және шешендік қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете білді. Тарих, әдебиет, логика және жалпы білім бағытындағы сұрақтар оқушылардың қызығушылығын арттырды.
Сайыс соңында қатысушылар
«Ең білімді топ», «Ұшқыр ой иелері», «Белсенді топ» номинацияларымен марапатталды.
Бұл сайыс оқушыларға жаңа білім беріп қана қоймай, олардың өзара ынтымақтастығын арттырып, білімге деген құштарлығын оятты.





