«Оқуға құштар ұрпақ – жарқын болашақ»
«Оқуға құштар ұрпақ – жарқын болашақ»
С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде 7 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Ұ. Құлтаеваның ұйымдастыруымен «Оқуға құштар ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетке сүйіспеншілігін қалыптастыру және рухани құндылықтарды насихаттау. Шара барысында оқушылар кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы ойларын ортаға салып, өздері оқыған шығармалары жайлы пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, кітап туралы нақыл сөздер айтылып, қызықты сұрақ-жауаптар ұйымдастырылды.
Оқушылар белсенділік танытып, кітап оқудың пайдасы, білімнің маңыздылығы жөнінде мазмұнды ойлар айтты.
Бұл шара оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, білімге құштарлықтарын нығайтуға ықпал етті. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз.





