С. Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектепте 13.03.2026 жылы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «КітапХан@» кітап оқу жобасы болып өтті.
Қатысушылар: 9-сынып оқушылары.
Мақсаты: Оқырмандарды кітап оқу өнеріне баулу, дүниетанымын кеңейту, көркем шығарманың әдемілігін сезіндіру және кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Сондай-ақ, ұлттық әдебиетіміздің үздік туындыларын насихаттау.
Бүгінгі сайысқа қатысушы оқырмандар:
1. Әділхан Нұрай І. Жансүгіровтің "Құлагер" кітабымен.
2. Данабек Нұрсұлтан Д. Исабековтің "Гауһар тас" кітабымен.
3. Мың басы Нұрбақ Б. Бұлқышевтің "Заман біздікі" кітабымен.
4. Серік Іңкәр С. Мұратбеков "Жабайы алма" кітабымен қатысты.
КітапХан@ кітап оқу жобасы екі кезеңмен өтті. Сайыс қорытындысы бойынша Әділхан Нұрай келесі айналымға жолдама алды.
Кітап - заманалар толқынында тербеліп , өзінің асыл қазынасын ұрпақтан -ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі. Бүгінгі оқырмандар - сол қазынаны қабылдап алған болашақ иелері.
Оқуға құштар мектеп.
С. Ерубаев мектебі
КітапХан@
Балалар кітапханасы





