С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

"Кітапхан@" кітап оқу жобасының қорытынды айналымы

Түркістан облысы, Отырар ауданы, "С. Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп" КММ 15.05.2026 ж күні кітапханашы Клара Әзімханованың ұйымдастыруымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектепішілік мұғалімдер арасында "Кітапхан@" кітап оқу жобасының қорытынды айналымы болып өтті. Мақсаты: оқырмандарды кітап оқу өнеріне, дүниетанымын кеңейтуге, көркем шығармаларды сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға қолдау көрсету, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру . Ұлттық әдебиетіміздің ең үздік туындыларын насихаттау. Сайысқа:

1. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А. Сыздықова

Оқыған кітабы Т. Жұртбай "Қар астындағы көбелек"

2. Тарих пәні мұғалімі Ж. Бердияр

Оқыған кітабы Ә. Кекілбайұлы "Үркер"

3. Математика пәнінің мұғалімі А.Жандарбек.

Оқыған кітабы Ж. Аймауытов "Ақбілек."

4. Кәсіподақ ұйымының төрағасы М. Мақсат

Оқыған кітабы Б. Момышұлы "Ұшқан ұя"

5. Биология пәні мұғалімі Ш. Оразбеков.

Оқыған кітабы Б. Тоғысбайұлы "Әкеден ұл туса"

6. Физика пәні мұғалімі М. Жұматай

Оқыған кітабы Қ. Қайсенов "Жау тылындағы бала"

Қатысушы ұстаздарымыз өте жоғары деңгейде қорғап шықты. Оқырмандардың жүрегіне жеткізе білді. "Кітапхан@" жобасының қорытынды айналымын қорытындылай келе ағылшын тілі пәні мұғалімі Сыздықова Алтынай бас жүлдемен марапатталды . 1 орын Жандарбек Әйгерім апайға,

2 орын Бердияр Жасұлан ағайға,

3 орын Мүсілім Мақсат ағайға берілді. Жұматай Мереке апай мен Оразбеков Шалқар ағай Мақтау қағаздарымен және де сыйлықтармен марапатталды.

Оқырмандарымыз қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуын қаласақ кітап оқуға шақырамын.

# С. Ерубаев мектебі

# Кітапхан@ жобасы