С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Кітап – рухани қазына»

«Кітап – рухани қазына»

С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде 4–5 сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беруші педагог Айдарова Динараның ұйымдастыруымен «Кітап – рухани қазына» тақырыбында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында танымдық іс-шара өткізілді.

Шараның мақсаты – жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын ояту, олардың таным көкжиегін кеңейту, көркем әдебиет арқылы ойлау қабілетін дамыту және өз пікірін еркін, жүйелі жеткізуге дағдыландыру.

Іс-шара барысында оқушылар таңдаған кітаптарын таныстырып, мазмұнын әсерлі түрде баяндап, кейіпкерлер әлеміне шолу жасады. Әр оқушы өз ойын еркін жеткізіп, шығармашылық белсенділіктерін көрсете білді.

Қорытындылай келе, бұл шара оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, олардың сөйлеу мәдениеті мен ойлау қабілеттерінің дамуына оң ықпал етті.

#кітап оқу

#руханидаму