«Кел, балалар, оқылық!»
Түркістан облысы, Отырар ауданы, С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 4-сынып оқушыларымен танымдық әрі шығармашылық іс-шара ұйымдастырылды.
Оқушылар оқыған кітаптарының мазмұнына сүйене отырып, көктем мезгіліне байланысты әсем суреттер салды. Бұл шара балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды.
Іс-шараны кітапханашы мен мектеп аға тәлімгері бірлесе ұйымдастырды.
Кітап – білім бұлағы,
Оқу – рухани байлық
Балалар кітапханасы





