С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектепте 5-11 сыныптар аралығында тыю" Қызды қырық үйден " тақырыбында қыздар жиналысы болып өтті.Мектеп мейіргері Р.Жарылқасынова кең ауқымда өтті. Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік,адалдық,жүріс - тұрыс дағдысы,қыз намысы,сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік ,әдептілік,сыпайылық,имандылық,тазалық қасиеттерді дамыту. Көрнекілігі: интерактивті тақтамен видиоролик көрсетілді. Жастықтың өзі- сұлулықтың,нәзіктікті белгісі.Қыз балалардың көрікті болып өсуіне ертеде аналары ерекше көңіл бөлген."Аттың көркі - жалы,арудың көркі - шашы " деп ұққан аналар қыздың шашын дұрыстап күтіп өсіруді өнер санаған. Қыз өссе елдің көркі деп таныған. " Қыз үйде,қылығы түзде" деп ,қыз тәрбиесінің ерекшелігіне аса жоғары мән берген. Сөз соңында мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Ешенқұлова қорытындылап ,болашақ ұрпақ тәрбиесі,оның ішінде қыз балаға дұрыс ,өнегелі тәрбие беру жөнінде көптеген пікірлер айтылды.Оқушыларымызда өз ойларын ортаға салды.





