С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

Күш атасы-Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдығына орай

Бүгін мектебімізде "Мәдениет" пәндер бірлестігінің "Спорт пен өнер егіз" тақырыбында айлық іс-шара жұмыс жоспарына сәйкес, 13.04.2026ж күні Күш атасы-Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдығына орай, АӘТД және дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен, мектеп мұғалімдері мен қызметкерлері арасында садақ ату,қол күрес,пневматикалық тир атудан жарыс өткізілді. Мақсаты: Мұғалімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, Әскери-патриоттық бағытты дамыту

Ұжымдық ынтымақтастықты арттыру

Мұғалімдердің мергендік қабілетін шыңдау.