С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Қош келдің, Әз-Наурыз!»

«Қош келдің, Әз-Наурыз!»

С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде 18 наурыз күні мектеп аға тәлімгері А.Нарбаева және өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Мерекелік шараның мақсаты – оқушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрлерімізді насихаттау және Наурыз мерекесінің маңызын түсіндіру.

Іс-шара барысында жүргізушілер көрермендерді көктемнің шуақты мерекесі – Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, Наурыздың татулық пен бірліктің, жаңару мен жақсылықтың мейрамы екенін атап өтті.

Мерекелік бағдарлама мазмұнды әрі әсерлі өтті. Оқушылардың орындауында әсем әндер шырқалып, Наурыз мерекесіне арналған көркемсөздер оқылды. Қазақтың ұлттық билері орындалып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Шара барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ұлттық мәдениетімізді дәріптеді. Қыздар арасында «Бес асық», ал ұлдар арасында «Ләңгі тебу» ұлттық ойындары ұйымдастырылып, қатысушылар ептілік пен шапшаңдықтарын көрсетті.

Мереке барысында көрермендер арасында Наурызға байланысты сұрақ-жауап ойыны өткізіліп, ұлттық дәстүрлер мен Наурыз мейрамы туралы сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін ортаға салды.

#ҰлыстыңҰлыКүні

#ҚошКелдіңӘзНаурыз