С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

"Көктемнің көркі—аналар"

"Көктемнің көркі—аналар"

С. Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектептің 7сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Ұ. Құлтаеваның ұйымдастыруымен "Көктемнің көркі—аналар" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс—шараның мақсаты—аналарға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, оқушыларды мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Тәрбие сағаты барысында оқушылар аналарға арналған өлеңдер оқып, жүрекжарды тілектерін білдірді. Сонымен қатар қызықты ойындар ұйымдастырылып, ананың қоғамдағы орны мен маңызы туралы пікірлер айтылды.

Оқушылар аналарын әрдайым қадірлеп, құрметтеу керек екенін түсініп, мерекелік көңіл—күймен керемет әсер алды.