06.05.2026 күні Түркістан облысы Отырар ауданы Саттар Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушыларымен Жеңіс күніне орай тәрбиелік мәні зор сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға Ұлы Отан соғысының тарихын тереңірек таныстыру, ардагерлердің ерлігі мен батырлығын дәріптеу, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушылар соғыс жылдарындағы қиындықтар мен батырлардың ерлігі туралы мәліметтер айтып, жүрек тебірентер өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, өз ойларымен бөлісіп, бейбіт өмірдің қадірін түсіну керектігін атап өтті. Жеңіс жолында жанын қиған қаһармандарға тағзым жасалып, олардың ерлігі мәңгі жадымызда сақталатыны айтылды.
Мұндай тағылымды шаралар жас ұрпақты елін, жерін сүюге, тарихын құрметтеуге тәрбиелейді.
Сынып жетекші: Мыңжанова Гүлжан
#9мамыр #ЖеңісКүні #ҰлыОтанСоғысы #ЕрлікЕшқашанҰмытылмайды #ТарихТағылымы #ПатриоттықТәрбие #МектепӨмірі #СыныпСағаты #ЖасҰрпақ #БейбітӨмір #Қазақстан





