С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЙЛАУ КҮНІ.

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЙЛАУ КҮНІ.

Атаулы күннің негізгі мақсаты — сайлау институтының маңызын түсіндіру, азаматтардың сайлау құқығына деген кұрметін арттыру, демократиялық, құндылықтарды кеңінен насихаттау. Әсіресе жас ұрпақтың саяси-құқықтық сауаттылығын көтеру, олардың қоғам өміріне белсенді араласуына ықпал ету - маңызды міндеттердін бірі.

Осы орайда С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектепте З0 қаңтар күні «Әрбір дауыс маңызды" тақырыбында үйірме жетекшісі Ұ.Құлтаеваның ұйымдастыруымен дебат пікірсайысы өткізілді. Іс-шарада мектеп окушылары белсене қатысып, сайлаудың қоғам өміріндегі орны, әр азаматтың дауыс беру құқығы мен жауапкершілігі туралы өз ойларын ортаға салды.

Пікірсайыс барысында қатысушылар сайлауға қатысуын маңыздылығы, азаматтық ұстанымының ел болашағына әсері, жастардың қоғамдық -саяси өмірге араласуы жөнінде пікір алмасты. Оқушылар өз көзқарастарын дәлелді түрде жеткізіп,ой қорыту мәдениетін көрсете білді.

Іс-шараға учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Т. Дайрабаев қатысып, сайлаудың демократиялық қоғамдағы рөліне тоқталды. Ол әрбір дауыстың маңыздылығын атап өтіп, жастарды алдағы уақытта саналы сайлаушы болуға шақырды. Сондай-ақ мұндай тәрбиелік мәні зор іс-шаралардын азаматтық жауапкершілікті қалыптастырудағы рөлін ерекше атап өтті.

Іс-шара жасөспірімдердің азаматтық,санасын қалыптастыруда тәрбиелік мәнімен ерекшеленді. Дүниежүзілік сайлау күні аясында өткізілген бұл пікірсайыс әрбір дауыстың ел болашағы үшін маңызды екенін ұғындырып, демократиялық құндылықтарды дәріптеуге бағыт алды.

#дүниежүзіліксайлау

#ӘрбірДауысМаңызды

#отырарауданы

Ерубаев мектебі