Выберите язык

С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС ӨТТІ

📚 ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС ӨТТІ
Бүгін мектебімізде 2026–2027 оқу жылында 11-сынып білім алушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеуге сапалы әрі жүйелі дайындау мәселелері бойынша әдістемелік кеңес өткізілді.
Әдістемелік кеңесті мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Т. Дайрабаев жүргізді.
Кеңес барысында ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бағыттары талқыланып, пән мұғалімдеріне нақты міндеттер мен ұсынымдар берілді.
Атап айтқанда:
📌 білім алушылардың бастапқы білім деңгейін анықтау;
📌 диагностикалық тест жұмыстарын жүйелі жүргізу;
📌 әр оқушының біліміндегі олқылықтарды анықтау;
📌 ҰБТ пәндері бойынша дайындық сабақтарын тиімді ұйымдастыру;
📌 сынама тест нәтижелеріне тұрақты мониторинг жүргізу;
📌 қателермен жеке жұмыс жасау;
📌 әр білім алушының нәтижесіне жеке талдау жүргізу мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар кеңесте 11-сынып білім алушыларының ҰБТ-ға дайындық кестесі, жеке мониторинг картасы және пән мұғалімдерінің ай сайынғы жұмыс алгоритмі таныстырылып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар нақтыланды.
Әдістемелік кеңес қорытындысы бойынша пән мұғалімдеріне ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру, әр білім алушының білім деңгейіне сәйкес жеке жұмыс жүргізу және нәтижелердің өсу динамикасын тұрақты бақылау бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Басты мақсат – білім алушылардың білім сапасын арттырып, олардың ҰБТ-ға жан-жақты әрі сапалы дайындалуына жағдай жасау!