С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Болашақ мемлекеттік қызметші»

С. Ерубаев атындағы ШЖЖББ мектептің кәсіптік бағдар беруші педагогы Айдарова Динараның ұйымдастыруымен жоғары сынып оқушыларына арналған «Болашақ мемлекеттік қызметші» жобасының ашылу іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараға М.Әуезов атындағы университеттен арнайы шақырылған қонақ, профессор Түкібаева Айнұр қатысып, оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың маңызы, мемлекеттік қызмет саласының ерекшеліктері және білім алудың мүмкіндіктері туралы құнды ақпараттармен бөлісті.

Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты. Іс-шара танымдық әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.