С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Біз таңдаған кітаптар»

«Біз таңдаған кітаптар»

С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде тәлімгер А.Нарбаеваның ұйымдастыруымен 2–3 сынып оқушылары арасында «Біз таңдаған кітаптар» тақырыбында Балалар кітапханасы жобасы аясында танымдық шара ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, өз ойын еркін жеткізуге үйрету және кітапқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Шара барысында оқушылар өздері таңдаған кітаптарын таныстырып, мазмұнын қарапайым тілмен әңгімелеп, сүйікті кейіпкерлері туралы айтып берді. Кішкентай оқырмандардың белсенділігі ерекше байқалды.

#бізтаңдағанкітаптар

#балаларкітапханасы