Мектебіміздің білім сапасы мен шәкірттеріміздің жетістігі тағы бір мәрте өз нәтижесін көрсетті!
Бұл жүйелі жұмыстың және ортақ мақсатқа жұмылған ұстаз, оқушы, ата-ана еңбегінің нәтижесі.
Құрметті түлектер! 
Сіздерді осы айтулы жетістіктеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы студенттік өмірлеріңіз сәттілікке, ізденіске және жарқын жеңістерге толы болсын. Таңдаған мамандықтарыңыздың білікті маманы болып, ел игілігіне қызмет ететін азамат болуларыңызға тілектеспіз!
Ұстаздарымызға – еселі еңбектері үшін, ата-аналарымызға – қолдауы мен сенімі үшін алғысымызды білдіреміз! 





