БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МІНДЕТ!
Мектебімізде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің № 281 бұйрығымен бекітілген «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Адал ата-ана — Қауіпсіз балалық шақ» атты маңызды іс-шара өтті.
Бүгін 9-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарының қатысуымен кезекті жиналыс ұйымдастырылды.
Жиналыстың негізгі сәттері:
Директормен кездесу: Жиынға мектеп директоры арнайы қатысып, оқушыларға қауіпсіздік ережелерін (судағы сақтық, жол жүру ережесі, түнгі уақыттағы қауіпсіздік) жеке түсіндіріп өтті.
Құқықтық түсіндірме: Ата-аналарға ҚР Әкімшілік кодексінің 127-бабы бойынша жауапкершіліктер ескертіліп, жадынамалар таратылды.
«Шоқтық терапия»: Оқу-ағарту министрлігі ұсынған нұсқаулықтар бойынша нақты статистика мен видеороликтер көрсетіліп, бала өмірінің құндылығы талқыланды.
«Өзара келісім»: Әрбір ата-ана баласының жазғы қауіпсіздігі үшін жеке жауапкершілік туралы келісім парағына қол қойды.
Марапаттау және Алғыс:
Бала тәрбиесіне белсене араласып, мектеп өміріне қолдау көрсетіп жүрген ата-аналарға мектеп әкімшілігі атынан «Алғыс хаттар» салтанатты түрде табыс етілді. Ата-ана мен мектептің осындай тығыз байланысы — қауіпсіз қоғамның кепілі!![]()
Ескерту:
Балаларды қорғау — тек мерекелік шара емес, бұл олардың өмірін сақтау және қауіпсіз орта қалыптастыру болып табылады.
#АдалАзамат #ҚауіпсізБалалықШақ #9Сынып #АтаАнаЖауапкершілігі #БіртұтасТәрбие #АлғысХат #МектепҚауіпсіздігі





