Коучинг өтті: “Бағалау мен сабақтағы нәтижелілікті арттыру”
С.Ерубаев атындағы ШЖЖББМ-де ақпараттық істер жөніндегі орынбасар М.Оразалиева “Бағалау мен сабақтағы нәтижелілікті арттыру” тақырыбында мұғалімдерге арналған коучинг ұйымдастырды. Коучингтің мақсаты – сабақ барысында тиімді бағалау әдістерін қолдану арқылы оқыту сапасын арттыру.
Іс-шара барысында қатысушылар:
бағалаудың маңыздылығын талқылады
тиімді әдіс-тәсілдермен танысты
«1 сөйлем + 2 дәлел» әдісі арқылы өз ойларын дәлелдеуді үйренді
кері байланысты дұрыс ұйымдастыру жолдарын қарастырды
Коучинг барысында топтық жұмыс, сергіту сәттері және практикалық тапсырмалар арқылы мұғалімдердің белсенділігі жоғары болды. Әр қатысушы өз тәжірибесімен бөлісіп, жаңа идеялар алды.
Қатысушылар 10 балдық жүйе бойынша бағаланып, өз жұмыстарын сараптап, рефлексия жасады.
Қорытындысында тиімді бағалау – оқушы жетістігінің кепілі екені анықталды.





