С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Ауғанның отты жалыны»

«Ауғанның отты жалыны»

«Ауғанның отты жалыны» атты мерекелік іс-шара өтті

11 ақпан 2026 жылы мектебімізде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай «Ауғанның отты жалыны» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Іс-шара мектеп аға тәлімгері және алғашқы әскери дайындық жетекшісі Медеубек Жамбылдың ұйымдастыруымен өтті. Сонымен қатар шараға ауданның алғашқы әскери дайындық жетекшілері қатысып, тағылымды кештің куәсі болды.

Шара барысында Ауған соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым етіліп, 1 минут үнсіздік жарияланды. Оқушылар патриоттық әндер орындап, көркемсөз оқып, батырлардың ерлігін еске алды.

Бұл іс-шара жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, тарихқа құрметпен қарау, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру мақсатында ұйымдастырылды.

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран. Батырлар есімі – мәңгі жүрегімізде.

#АуғанныңОттыЖалыны

#ПатриоттықТәрбие

#ЕрлікЕлгеМұра