С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектептің 5-сынып оқушыларымен «Ана – өмірдің шуағы» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараны сынып жетекшісі Орынбасар Арайлымның ұйымдастыруымен аналар мерекесіне орай өткізілді.
Шара барысында оқушылар аналарға арналған әсерлі өлеңдер оқып, ән айтып, би билеп, шағын көріністер көрсетті. Балалардың аналарға деген сүйіспеншілігі мен құрметі әр сөзінен, әр өнерінен айқын көрінді.
Мерекелік кештің басты мақсаты – оқушылардың жүрегіне анаға деген құрмет пен мейірімділік сезімін ұялату, ананың қадірін түсіндіру.
Аяулы аналарға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбастарына амандық пен бақ-береке тілейміз!





