Выберите язык

С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

"Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі "

🔔"Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі " 🔔
С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде 2026-2027 оқу жылында Білім күніне арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» атты бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
📅1 қыркүйек – Білім күні мектебімізде адалдық пен академиялық адалдық қағидаттарын насихаттауға бағытталған бірыңғай парасаттылық сынып сағаты ұйымдастырылды.
🎯 Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік, ашықтық және академиялық адалдық құндылықтарын қалыптастыру, білім алушыларды өз еңбегін бағалауға және білім алудағы адалдық қағидаттарын сақтауға баулу.
📖 Сынып сағаттары барысында оқушыларға академиялық адалдықтың маңызы түсіндіріліп, көшіріп алу, дайын жұмысты пайдалану, өзгенің еңбегін иемдену сияқты әрекеттердің білім сапасы мен жеке тұлғаның қалыптасуына кері әсері туралы айтылды.
💡 Сонымен қатар, адал еңбек пен сапалы білімнің әрбір адамның болашағы үшін маңызы кеңінен талқыланды.
🤝 Мұндай іс-шаралар білім алушылар арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастырып, қоғамдағы адалдық құндылықтарын нығайтуға және өскелең ұрпақты жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталған.
🌟 Адалдық – адамдықтың негізі, академиялық адалдық – сапалы білімнің кепілі!