С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

Түркістан облысы Отырар ауданы Саттар Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушылары 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мазмұнды іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара барысында сынып оқушылары мектеп ұжымындағы ер азаматтарды және сыныптың ұл балаларын мерекемен құттықтап, оларға өз қолдарымен әзірлеген шағын сыйлықтарын табыстады. Оқушылар жүрекжарды тілектерін білдіріп, Отан қорғаушыларға деген құрметтері мен алғыстарын жеткізді.

Бұл игі бастама жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, адамгершілік және үлкенге құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталды.

👩‍🏫 Сынып жетекші: Мыңжанова Гүлжан

#7мамыр #ОтанҚорғаушыларКүні #РуханиТәрбие #ПатриоттықСана #СыныпӨмірі #МектепЖаңалығы #Құрмет #ЖасҰрпақ #Қазақстан