С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

20 наурыз – Ұлттық спорт күні

🇰🇿 20 наурыз – Ұлттық спорт күні 🇰🇿

Ұлттық спорт – халқымыздың рухы мен болмысының айнасы. Бабадан қалған асыл мұра – бүгінгі ұрпақтың мақтанышы!

Осы айтулы күнге орай, мектебімізде ұлттық ойындарды дәріптеу мақсатында түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, қазақтың дәстүрлі ойындары – асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ, қазақ күресі сынды сайыстар өткізіліп, оқушылар белсенділік танытты.

Ұлттық спорт – тек дене шынықтыру ғана емес, ол – тәрбие, батылдық, ептілік пен бірліктің символы. Осындай игі шаралар арқылы біз жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, салауатты өмір салтын ұстануға баулимыз.

✨ Ұлттық рухымыз биік, дәстүріміз мәңгі жасай берсін!

#ҰлттықСпортКүні #Наурызнама #ҰлттықҚұндылықтар #СалауаттыӨмірСалты