15 наурыз – Қайырымдылық күні
Мектебімізде «Қамқор» жобасы аясында «Қайырымдылық күні» тақырыбында жәрмеңке ұйымдастырылып, қайырымдылық акциясы өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойына мейірімділік, жанашырлық және бір-біріне қолдау көрсету сияқты адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. Жәрмеңкеге оқушылар, ұстаздар және ата-аналар белсенді қатысып, қолдан жасалған бұйымдар мен түрлі тәтті тағамдарын ұсынды.
Акция барысында жиналған қаражат қайырымдылық мақсатта жұмсалмақ. Мұндай игі шаралар өскелең ұрпақты жақсылық жасауға, айналасына қамқор болуға тәрбиелейді.
Жақсылық жасау – әр адамның қолынан келеді!
#ҚайырымдылықКүні #ҚамқорЖобасы #ЖақсылықЖасайық #Наурызнама #Мейірімділік





