С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

14 наурыз – Көрісу күні

14 наурыз – Көрісу күні

14 наурыз – Көрісу күні, Амал мерекесіне орай 5-сынып оқушылары сынып жетекшісі А.Орынбасардың ұйымдастыруымен мерекені атап өтті.

Іс-шара барысында оқушылар бір-бірімен көрісіп, амандық-саулық сұрасып, жылы лебіздері мен ақ тілектерін айтты. Ұлттық дәстүріміздің мәнін түсінген оқушылар көрісудің татулық пен сыйластықтың белгісі екенін сезінді.

Осындай тағылымы мол шаралар арқылы оқушыларымыз халқымыздың салт-дәстүрін құрметтеп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлес қосуда.